БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарында Қазақстан Президентінің Саяси үндеуі таныстырылды

2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты, осы пікірталастар аясында Қазақс­тан­ның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбді­рахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығай­туға қазақстандық тұжырымдамалық көз­қарас» атты Саяси үндеуін таныстырып өтті.

Нью-Йорк қаласында өт­кен шараға БҰҰ Бас хатшы­сы Антониу Гутерриш, Ұлы­британия, Италия, Латвия, Поль­ша, Франция, Нидерланд, Украи­на, Швеция, Эфиопия және Жа­понияның сыртқы саясат ве­домстволарының басшы­лары және сыртқы істер министр­лерінің орынбасарлары, Ресей, Қытай, АҚШ және БҰҰ-ға мүше басқа да мемлекеттердің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері қатысты.

Қауіпсіздік Кеңесінің мү­ше­лері және БҰҰ елдерінің өкіл­дері пікірталастар бары­сында шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақ­тау сала­сындағы өздерінің ұлт­тық ба­сымдықтары туралы мәлім­деді, сондай-ақ бүкіл­әлем­дік ұйым қызметінің осы басым­дықты бағыттары бойынша жаңа Бас хатшының жұмысына қолдау білдірді.

Пікірталастар барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрі 2017-2018 жылдар кезеңінде Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің тұрақты емес мүше­сі ретіндегі Қазақстан өкілет­тіктерінің басталуына орай Мем­лекет басшысының Саяси үндеуін жариялады.

Қ.Әбдірахманов бұл Үн­деудің Мемлекет басшысының 2016 жылғы 31 наурыздағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің қағидаттарына негізделетіндігін және оны шығармашылық тұрғыдан дамытатындығын атап көрсетті. Президент Н.Назарбаевтың Ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі IV саммит ая­сында ұсынылған бағдарла­малық құжатының БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойы­на қар­сы ядролық қарусыз әлем құру мақсатында халықаралық бей­бітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік, қауіп­сіздік және даму арасын­дағы ажырамас байланысты қам­­тамасыз ете отырып, ғалам­шарды соғыстар мен шиеленіс­тер­ден арылту ісінде күш-жі­герді біріктіру және ынтымақ­тасу қажеттігіне баса назар ау­дар­ғандығы белгілі.

Үндеуде атап көрсетілгендей, «Қазақстан Кеңесте бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мен ны­ғай­тудың бірінші кезектегі маңыз­дылығын негізге ала отырып, оның бүкіл күн тәртібі бойынша әділ және ашық жұмыс істейтін болады». Н.Назарбаевтың айтуынша, Астана «Қауіпсіздік Кеңесінің бар­лық мүшелерімен тең құқылы негізде ынтымақтаса жұмыс істеу­ге, халықаралық бейбітшілік пен қауіп­сіздікті нығайту мақсатында ымыраға қол жеткізіп, бәтуаластықтың қалыптасуына септігін тигізуге ниетті».

Осыған орай, Үндеуде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретін­дегі Қазақстан жұмысының басым­дықтары атап көрсетілді. Олардың қатарында ядролық қарусыз әлемді жақындату, жаһандық соғыс қате­рін болдырмау, Ауғанстандағы бей­бітшілікке ықпалдасу, Орта­лық Азияда бейбітшіліктің өңір­лік аймағын қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаң­кес­тікке қарсы коалиция (желі) құру, Африканың бейбіт дамуына жәр­демдесу, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын, бейбітшілік, қауіп­сіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты ілгерілету, БҰҰ-ны ХХІ ғасыр талаптарына бейімдеу және жаһандық проблемаларды шешу үшін ұжымдық саяси ерік-жігерді нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейінде ҚК-ге мүше мемлекеттердің тұрақты кездесулер тетігін келісу бар.

Мемлекет басшысы өз Үндеуінде атап көрсеткендей, «Қазақстан Кеңесте барлық мүше елдермен атал­ған басымдықты бағыттар бойынша ашық, әділ және саяси жағдаятсыз, жауапты, салмақты және сындарлы түрде жұмыс істеуге ниетті».

Осыған орай, құжатта «Қазақ­станның маңызды мақсатқа – ХХІ ғасырда әлемді қауіпсіз, әділ және өркендеген әлемге айналдыру мақ­сатына қол жеткізу жөніндегі өз бастамаларына әріптестерінің тарапынан қолдау көрсетілетіндігіне сенім білдіретіндігі» айтылады.

Қазақстандhttp://unaihub.kaznu.kz/wp-admin/media-upload.php?post_id=1090&type=image&TB_iframe=1ық тарап сондай-ақ, пікірталас қатысушыларының назарын превентивті дипломатиядағы, сенім шараларын ілгерілету мен нығайтудағы, жаппай қырып-жою қаруларын таратпаудағы, дау-жанжалдарды реттеудегі және халық­аралық лаңкестікке қарсы әрекет етудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығына аударды. Қазақстан басшылығының Астанада Сирияда бейбітшілік орнату бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын екендігі тағы да атап көрсетілді.

Қазақстан Президентінің Үндеуі отырыс қатысушыларының жоғары бағасына ие болды. Бұдан басқа, оны БҰҰ ҚК ресми құжаты ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды.

Нью-Йоркке сапары барысында Қ.Әбдірахмановтың БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерришпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Ас­тананың Қауіпсіздік Кеңесіне мүше­лігі бағдарламасының өзекті мәсе­лелері мен Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының көп қырлы күн тәртібі талқыланды.
Егемен Казахстанб 11 январь 20170179-615x289

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *