4-18 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы IV Халықаралық  Фараби оқуларын өткізеді. Онкүндік оқуларды «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты Халықаралық Фараби Форумы ашады.

2014 жылы негізі қаланған «Халықаралық Фараби оқулары» онкүндігінің аясында Халықаралық Фараби Форумын ғылымның әр салалары бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми‐практикалық, ғылыми-әдістемелік онлайн конференциялар, халықаралық студенттік форум, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы, Инновациялық жобалар байқауы өткізіліп, Ғылым күні мерекеленеді.

«Фараби оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы – әл-Фараби мұралары мен оның заманауи қоғам дамуындағы рухани, тарихи философиялық және дәстүр мен ғылыми негіздерінің сабақтастықтарын, ғылым мен білім берудің интеграциясын қамтамасыз етуді, университеттердің инновациялық ғылыми-білім беру үдерісін жетілдіруді зерттейтін отандық және шет елдік ғалымдарды біріктіруге арналған.

Ғылыми Форум қатысушылары ғылым мен білім берудің интеграциясы, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін өркендету, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жарқын қоғам құру тұрғысындағы Қазақстан-2050 Стратегиясының мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылайды.

 

 IV Халықаралық  Фараби оқулары аясындағы шаралар:

4-5 сәуір IV Фараби оқуларының ашылуы

«Әл-Фараби және Қазіргі заман» Халықаралық Фараби Форумы  

   
5 сәуір «Өнегелі өмір» топтамасындағы «Төлеген Тәжібаев» кітабының тұсаукесері 
   
6 сәуір  «Алаш» партиясы мен «Алашорда»үкіметінің 100 жылдығына орай «Қазақстанның жаңа жаһан­дық жаңғыруы: «Алаш» және «Мәңгілік ел» идеялары» халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференциясы 
   
6-7 сәуір «Биотехнология, экология және физико-химия­лық биологияның өзекті мәселелері»

халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

   
6 сәуір «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі орны» дөңгелек үстел
   
7 сәуір «Қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинанының заманауи мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясы 
 
7 сәуір «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»

ІІ халықаралық ғылыми конференциясы

   
10 сәуір «Іргелі және қолданбалы физиканың өзекті мәселелері» дөңгелек үстел 
11-12 сәуір «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Халықаралық студенттік форумы
   
12 сәуір «ХХІ ғасыр баспа өнері мен баспасөзі: ғалам­дастыру үдерісі және ұлттық ерекшеліктер» Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы 
   
13 сәуір «Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың концептуалдық ба­ғыт­тары: отандық және халықаралық тәжі­рибе» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­циясы
   
10-13 сәуір «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалым­дардың халықаралық ғылыми-конференциясы 
   
13 сәуір

 

 13 сәуір

Студенттік бизнес-инкубаторлардың иннова­ция­­лық жобалар байқауы

 

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалым­дардың халықаралық ғылыми-конференциясының жабылу салтанаты 

   
15 сәуір «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп …» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 
   
21 сәуір IV Фараби оқуларының жабылуы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Үздік жас ғалым» байқауының қорытындысы

 

Мақалалар мен материалдар

 

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA image
*