ҚазҰУ және БҰҰ Өркениеттер альянсі (UNAOC) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 Алматыда БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер мен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол қойды.

Аса жоғары дәрежелі БҰҰ өкілі алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орнына ресми сапармен келіп отыр. Іс-шараға ҚазҰУ басшылығы, оқытушылар мен студенттер, дипломатиялық миссия, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов кездесуді аша отырып, мәртебелі мейманды университет қызметі және жетістіктерімен, БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық Хабы  ретіндегі жұмыстарымен кеңінен таныстырды.

Кездесуде Насир Абдулазиз әл-Насер БҰҰ Өркениеттер альянсінің жұмысы, қызметінің негізгі бағыттары мен академиялық бірлестіктің Альянс бағдарламаларына қатысуы туралы айтты. «Үздік жоғары оқу орындардың бірі болып табылатын осындай беделді университеттің оқытушылары мен студенттерінің алдында сөз сөйлеу – мен үшін үлкен мәртебе. UNAOC сіздердің университеттеріңіз тәрізді оқу орындарының мәдениеттер диалогында өмірлік маңызды рөл атқаратынын мойындайды», – деді БҰҰ Өркениеттер альянсінің басшысы.

Сондай-ақ ол өз сөзінде білім беру Альянс жұмысының басты басымдықтарының бірі екендігін атап өтті. Жастарға үлкен көңіл бөлінуде, жобаларға көптеген университеттер қосылуда және олар ұйымның мәдениетаралық диалог, бейбітшілік пен өркениетті сақтау жөніндегі бастамаларына қолдау көрсетуде.

Насир Абдулазиз әл-Насер жаһандық күн тәртібіне қатысты сұрақтарға  толыққанды жауап берді. Ол Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие болған ядролық қаруды таратпау және аймақтық қауіпсіздікті сақтау  жөніндегі бейбіт бастамаларын және Сириядағы жағдайды реттеуге қосқан мемлекеттің үлесін айрықша атап өтті.

ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімімен білім мен ғылымның дамуына қосқан айрықша үлесі үшін Насир Абдулазиз әл-Насерге университеттің құрметті докторы атағы берілді. Оны растайтын құжат пен мантияны ЖОО ректоры Ғалым Мұтанов БҰҰ Өркениеттер альянсі жетекшісіне салтанатты түрде табыстады.

 

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *