«Бейбітшілік пен адам құқығын қамтамасыз етудегі бітімгершілік күштердің рөлі: БҰҰ Жарғысының 70 жылдығы»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен БҰҰ-ның Тұрақты Даму жөніндегі ЮНАИ Ғаламдық Хабы «Бейбітшілік пен адам құқығын қамтамасыз етудегі бітімгершілік күштердің рөлі: БҰҰ Жарғысының 70 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы ЮНАИ Хабы БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігімен, университеттермен және БҰҰ-ның Академиялық ықпал ету бағдарламасы мүшелерімен бірлесіп, 2017 жылдың 12 желтоқсанында «Бейбітшілік пен адам құқығын қамтамасыз етудегі бітімгершілік күштердің рөлі: БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі хартиясының 70 жылдығы» атты дөңгелек үстелге шақырады. Аталмыш шара G-Global халықаралық коммуникативтік алаңында көрсетіліп, онлайн режим таңертеңгі 10-нан 12-ге дейінгі аралықта қолжетімді болады.
БҰҰ бітімгершілік контингентінің түйткілді мәселелері, адам құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде БҰҰ-ның Академиялық ықпал ету секілді ұйымдарының рөлі, орнықты дамуға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ЮНАИ-дың қосқан үлесі, Орталық және Оңтүстік Азиядағы адам құқықтарын қорғау мен бейбітшілікті нығайтуда Жаңа Жібек жолы іспетті БҰҰ-ның заманауи моделі саналатын жастар құрылымдарының іс-әрекеті, т.б. мәселелер дөңгелек үстелдің күн тәртібінде қаралады. Қазақстан жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Бейбітшілік үшін серіктестік» Орталығының өкілдері өңірлік қауіпсіздік проблемаларын саралап, Қазақстаннның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде БҰҰ қызметін қолдаудағы маңызды рөліне тоқталады.
Талқылауға Алматыдағы шетелдік консульдықтардың өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысып, БҰҰ бітімгершілік қызметінің адам құқықтарын қорғаудағы соны тенденциялары мен жетістіктерін талқылайды, сондай-ақ, адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне қолдау көрсетеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: Алматыдағы БҰҰ өкілдері; Алматыдағы консульдықтар мен елшіліктердің өкілдері; ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері, университеттің ғылыми қауымдастығы өкілдері; ЮНАИ бағдарламасының қатысушылары.

Н.Т.Шыңғысова, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, профессор;
А.А. Сәдуақасов, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы;
Ғ.Ж. Ыбыраева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ЮНАИ Хабының директоры;
Р.Ф. Абазов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ЮНАИ Хабының визитинг-

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA image
*