Әль-Фараби ҚазҰУАлматы қаласының UNAI университеттерді біріктірді және жоғары деңгейдегі кездесуге қатысушыларға үндеу бастады

UNAI (БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы) бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық ақпараттық-ресурстық қолдау орталығының басшылығымен, Алматыдағы ҚР СІМ кеңсесінің және Алматыдағы БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің қолдауымен жоғары деңгейдегі жиынның қатысушыларына «ҚАЗАҚСТАН – БҰҰ: ТӘЖІРИБЕ, ЖЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІ» атты хабарламадайындады. Жоғары деңгейдегі кездесу Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бірінші өкілдігінің ашылуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Аталғын іс-шарағаҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахманов мырза, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек мырза, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, академиялық және сараптамалық қоғамдастық қатысты.
Жеті тілде орындалған өз жолдауларында UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары БҰҰ-ның Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлкен үлесін, сондай-ақ біздің еліміздіңтұрақты дамуға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосқан үлесі мен рөлінатап өтті. UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының өскелең ұрпағының басты айтар ойы бұл -БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы және жаһандық проблемаларды шешудегі білім беру мен академиялық қоғамдастықтың рөлі болып табылады. ӨздерінБіріккен Ұлттар Ұйымының бір бөлігі ретінде тани отырып және бар жауапкершілігін түсіне отырып,хабарлама бастамашылары БҰҰ-ныңнегізгі мақсаттары мен принциптеріне бірлесе отырып қол жеткізуге сенім білдірді.
Хабарлама ҚазҰУ жанындағыБҰҰ аймақтық ақпараттық-ресурстық қолдау орталығының директоры, PhD докторы Л.Ф.Деловарованың жетекшілігімен дайындалды.
Жеті тілдегіхабарламаны UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері орындады:
• АйжанТолеухан – «Тұран» Университеті (қазақша)
• МохаммадМахад – СүлейманДемирел Университеті (арабша)
• Лина Жунисбек – Әль-ФарабиҚазҰУ (қытайша)
• ДимашЖарылкасын – НАРХОЗ Университеті (ағылшынша)
• АлиханХасанай-Абылай хан атындағыҚазХҚӘТУ (французша)
• АкботаМамбетова – КМЭБИУниверситеті (орысша)
• Ширингуль Каримова – Әль-ФарабиҚазҰУ (испанша)

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *