Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті өкілдерінің USRN ұжымын дайындау жобасы аясында Бразилияның Сан Паулу университетінде ұйымдастырылған конференцияға қатысады.

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті өкілдерінің USRN ұжымын дайындау жобасы аясында Бразилияның Сан Паулу университетінде ұйымдастырылған конференцияға қатысуы бойынша  пресс- релиз.

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  өкілдері  заманауи оқу орындарындағы ұжымды дайындау бағдарламасының теория және практика тұрғысы бойынша ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысатын болады. Конференция 2018 жылғы 3-6 сәуір аралығында Сан Паулу қаласында өтеді.

Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі университеттердің халықаралық желісі (USRN) әлемдегі ең үздік университеттерді біріктіретін (100-ге жуық) ықпалды халықаралық ұйым болып табылады. Сонымен қатар, бұл желі болашақ цифрлық экономикаға арналған әлеуметтік жауапты қызметкерлерді дайындаудың теориясы мен тәжірибесін зерттейді.

Бағдарламаға бүкіл әлемнің жетекші профессорлары мен жобаның мүшелері,сондай-ақ студенттер қатысады.

 Конференция бағдарламасына USRN өкілдерінің тәжірибе алмасуы, USRN ынтымақтастық мәселелерін шешу , түрлі озық жобаларды талдау,сондай-ақ, сандық экономика үшін кадрлар даярлау тұжырымдамалық негіздерін зерттеу кіреді. Конференцияға қатысушылардың бірі, профессор Рафис Абазов (MDP/Global Classroom, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) топ-менеджемент саласында теория мен заманауи практиканы, сондай-ақ жаңа білім беру технологияларының негіздерін зерттеу,әсіресе Қазақстан үшін, «Digital Kazakhstan» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту аясында ерекше маңызды екенін атап өтті .

USRN ғаламдық желісінің басты мақсаты  университеттердің барлық деңгейлерде экономикалық, әлеуметтік, мәдени және экологиялық мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуі болып табылады. Бұл желі біздің әлемді әділ, жан-жақты, бейбіт және тұрақты ету үшін жаһандық орнықты даму мақсаттарын тиімді іске асыру үшін шешімдер табуға арналған. Конференцияның басты мақсаты да осында.

Конференцияның өткізілетін орны:

Сан Паулу университеті

 Сан Паулу қаласы, Бразилия

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *