2019 жылдың 22 шілдесінде Алматыдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратында «БҰҰ және Қазақстан: болашақ ынтымақтастықтың перспективалары» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.

Негізгі тақырып 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы БҰҰ ынтымақтастығының Рамалық бағдарламасын әзірлеу үшін Қазақстандағы және Орталық Азия аймағындағы БҰҰ агенттіктерінің қызмет ауқымы, нәтижелері және ынтымақтастық перспективаларын анықтау мақсатында «The World Cafe» форматындағы сарапшылық кеңес беруді өткізуге арналды. Іс-шараның нәтижесінде тұрақты дамуды ұлттық тұрғыдан көру, ұлттық дамудың негізгі басымдықтары, сондай-ақ, ТДМ-ға жетудегі негізгі мүмкіндіктер мен мәселелер қарастырылатын «Елді жалпы бағалау» атты сараптамалық шолу даярлау күтілуде.

Дөңгелек үстел жұмысына Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), Алматы қ. ҚР СІМ өкілдері, Алматы қ. БҰҰ агенттіктері, сондай-ақ академиялық қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ UNAI жетекшісі Деловарова Л.Ф., география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы г.ғ.д., профессор Сальников В.Г., сондай-ақ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Н.Т. Шыңғысова қатысты.

You may also like...