Жаһандық Көші-қон кинофестивалі әл-Фараби атындағы ҚазҰУда

Бүгін, 2019 жылғы 18 желтоқсанда Халықаралық мигранттар күнінде, Жаһандық Көші-қон кинофестивалі аясында Грегуар Госсеттің «Бір жақты билет» фильмінің көрсетілімі өтті. Фестивальді Халықаралық Миграция ұйымы (БҰҰ) ұйымдастырды. Міне 4 жылдан бері Жаһандық көші-қон кинофестивалі бүкіл әлемде үлкен жетістікпен өтуде, бірақ Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кинокөрсетілімнің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында өткендігі қуантады. Кинофестивальдің маңыздылығының айырықша бір себебі – ол әлемнің түрлі бөліктеріндегі қазіргі тұрғындардың түйткілдері мен талап-тілектерін көз алдыңа жайып салады.  Мигранттардың жайсыз жағдайы мен тұрақсыз ахуалы бұған бей-жай қарай алмайтын барлық  көрермендерге жаһандық деңгейде не болып жатқанын түйсінуге мүмкіндік береді. Сонымен, фильмнің басты кейіпкерлерінің бір-бірімен тығыз астасып жатқан екі әңгімесінен туындаған тұжырымнан біз адамдардың жаһандық қозғалысының нақты себебін және оған қатысты қиындықтарды түсіне бастадық.

Іс-шараға қатысқан студенттер мен магистранттар шараны түсіру мен  өткізуге атсалысқан барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылықтарын білдірді, жиналғандардың әрқайсысы фильмнен алған әсерлерімен бөлісті – олардың әрқайсысы сюжеттік желінің тереңдігін, экранда болып жатқан оқиғалардың шынайылығын атап өтті, сөйтіп, әр көрермен сайып келгенде жақсы өмір іздеп туған жерінен өз еркімен кеткендердің шынайы ниеттерін түсінуге мүмкіндік алды.

Мұның барлығы кинокөрсетілімнің басты ұйымдастырушылары – Алматыдағы БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаменті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.

 

You may also like...