«ТҮРКСОЙ» ҰЙЫМЫ ШӘКІРТАҚЫ БЕРДІ

ҚазҰУ-да Түрксой кафедрасының 1-3 курс студенттеріне «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы атынан шәкіртақы табыстау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінде «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен мырзаның атынан ұйымның Қазақстан Республикасындағы өкілі Асқар Тұрғанбай сөз алып, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 2015 жылдан бері ҚазҰУ-дың сенімді серіктесі болып табылатындығын және биылғы оқу жылында Түрксой кафедрасының үздік оқитын студенттеріне жалпы соммасы 1 млн. теңге көлемінде шәкіртақы ұсынылғанын айтты.

Қазіргі жаһандану заманында Түркі халықтарының бірлігі мен олардың арасында тарихи-мәдени сабақтастықтың дамуына сіңіріп жатқан еңбегі және университетпен ұдайы байланыста болып, студенттерді ынталандыру мақсатында арнайы шәкіртақы тағайындағаны үшін ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов университет ұжымы атынан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына алғыс білдірді.

Шәкіртақы иегері атанған Тойболды Айгерім, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы мен университеттің жастардың сапалы білім алуына берген мүмкіндіктеріне шексіз ризашылық білдіріп, ұстаздардың өздеріне артқан сенімін ақтап, жақсы маман иесі болатындығына сөз берді.

You may also like...