Miras Model UN қатысушыларына арналған тренинг

xyCs_3taaZ4 12 ақпанда, Мирас мектебінде БҰҰның 70 жылдығына арналған Miras Model UN қатысушыларына арналған тренинг болып өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің студенттері осы тренингті өткізіп, қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, БҰҰ моделінің ұйымдастырушыларымен Алматы және Шымкент қалаларының мектептерінен келетін қатысушыларға арналған тренинг мәселелерін талқылады. Тренингтер соңында халықаралық қатынастар факультетінің студенті Ахмад Яр Ахмад Валидің басшылығымен комитеттер төрағаларына арналған жеке тренинг өткізіледі.
БҰҰ моделі 2015 жылдың 26-28 ақпан аралығында өткізіледі. Осы күндер аралығында халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің БҰҰ моделінің ұйымдастырушы комитеті белсенді қатыса отырып, осы модельді ұйымдастыру жұмыстарына да көмек көрсетеді.

You may also like...