БҰҰ моделі “Жаңа Жібек Жол 2015”

7 және 9 Мамыр аралығында Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми Кітапxанасында Орталық Азиядағы ең улкен Бірріккен Ұлттар Ұйымының Моделі- Жаңа Жібек Жолы өткен болатын.
IV Халықаралық БҰҰ Моделі ресми ашылу салтанатынан бастау алды. Онда Алматы қаласының дипломатиялық корпусының көптеген өкілдері қатысты. Олар: Америка Құрама Штаттары, Франция, Германия, Венгрия, Италия, Ресей, Үндістан және Ауғанстан Консулдықтары; БҰҰ агенттіктері: UNESCO, UNFPA, UNHCR, OCHA; Сонымен қатар Қазақстан Республикасының СІМ-нің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры – Ұлт Көшбашысының өкілдері және Астана қаласынан Оңтүстік Африка Республикасының Елшісі мен оның жұбайы. Әрбір дипломат сөз сөйледі. Өздерінің қанатты сөздері арқылы конференция қатысушыларын жемісті пікірталас өткізуге шақырды. Ашылу салтанатынан кейін дипломатиялық қабылдау орын алды. Бұл студенттер үшін тәжірибелі, әрі жетістігі мол дипломаттармен бетпе-бет жүздесіп танысуға жақсы мүмкіндік болды. Сондай-ақ БҰҰ – Academic Impact жобасын және Халықаралық Н. Мандела БҰҰ Күнін қолдау ретіндеОАР Елшісінің жұбайыРувейда Сони Ханыммен ұйымдастыру комитетінің командасы бастаған бірден-бір би көрсетілімі орындалды.
Конференцияға БҰҰ-ның төрт комитеті келесі тақырыптармен іріктелді:
• Бас Ассамблея – Post-2015 Development: Жаңа мыңжылдық мақсаттары және жастар;
• Қауіпсіздік Кеңесі – Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайды және Палестина мәселесін бейбіт шешудегі бар мүмкіншіліктер;
• Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес – Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы экономикалық реттеу мәселесі.
• Адам Құқықтары жөніндегі Кеңес–Мүмкіншіліктері кем адамдарға қатысты кемсітушілікке нөлдік төзімділік.
Сессияның бірінші күні сәтті аяқталды. Барлық қатысушылар бір-бірімен танысып, белгілі бір тақырыпқа қатысты әр елдің ұстанымы жайлы білді. Конференцияның екінші күні сессиядан басталды. Сессия аякталып, әр комитет қарар қабылдағаннан кейін комитет төрағалары өз делегаттарына сертификаттан табыстап, оларды конференцияға сәтті қатысуымен құттықтады.
Ресми жабылу рәсімінде құрметті қонақтар, ҚазҰУ-ның бірінші проректоры М. Бүркітбаев және БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолының директоры Рафиз Абазов қатысты. Әрбір комитет төрағасы салтанатты алғыс сөз сөйледі және өз комитетінен үздік делегатты таңдады. Содан кейін ұлттық кеш басталды. Онда әр түрлі елден келген қатысушылар өз елдерінің ұлттық киімдері мен биін көрсетті, ән шырқады және естелік суреттерге түсті.
Үшінші күні делегеттарғаМедеуге жорық ұйымдастырылды. Бірақ, әдеттегідей, Алма-Ата ауа райы күрт өзгеріп кетті, алайда бұл студенттердің көңіл күйіне әсер етпеді де, олар қаламыздың көрікті жерлерін көруден бас тартпады. Киімдерін ауыстырып, жылынып және тамақтанып алғаннан кейін делегаттар қала турын жалғастырды. Келесі аялдама Орталық Мемлекеттік Мұражай болды. Онда студенттер Қазақстанның мәдениеті мен тарихы жайлы көп мағлұмат алды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Саябағына да кіре кетті. Көркем Алматы аясында керемет суреттер жасауға мүмкіндік болды. Үш күндік бағдарламаны Көк-Төбе сапарымен аяқтады. Мұнда қатысушылар түнгі қаланың әдемілігімен тамсанды.
Барлық қатысушылар бүкіл процесстің ұйымдастырылуымен канағаттанды. Ұйымдастыру комитеті ОАР-ның Елшісі, Шириш Сони Мырзадан арнайы сертификаттармен марапаттады.

You may also like...