Әлемдік тілдер күні

25 қыркүйек күні БҰҰ Аймақтық орталығына IREG Академикалық саралау мен ілгерілікті бақылау бойынша халықаралық обсерваториясының Президенті, профессор Ян Садлак қонаққа келіп, Əлемдік тілдер күніне байланысты өте қызықты дəріс оқыды. Дəрістің негізгі тақырыбы “Тіл – мəдениет-аралық қатынас құралы ретінде” болғанымен, тілдердің маңыздылығымен қатар, профессор өз өмірінің айрықша сəттерімен бөлісіп, əр түрлі жағдайларда бірнеше тіл білу өте қолайлы болатынын дəлелдеді. Осыған байланысты, профессор Ян Садлак студенттерді мүмкіндігінше көп шет тілдерін үйреніп, қарым-қатынас мəдениетін жетілдіруге, кішкентай балаларды жастайынан тіл үйренуге бейімдеуге шақырды.

You may also like...