Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетте өткен “Жаңа Жібек Жол” БҰҰ Моделі

Жаңа Жібек Жолы БҰҰ Моделі өз шекарасын кеңейтуде. Ұйымдастыру комитеті ұйымның мән-мағынасын, кезекті мәселенің маңыздылығын таныту үшін, және жас студенттердің өз әлеуетін, икемдерін дамытып, одан әрі жетілдіру ушін қолынан бар келгенін жасауда.

2016, 26 Ақпан күні Ұйымдастыру комитеті Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінде конференция өткізді. Онда екі комитет- Бас Ассамблея мен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес болды. Өте қызықты әрі маңызды тақырыптар талқылауға ұсынылды. Осылайша, Бас Ассамблея комитетінде делегаттар Еуропа Одағындағы баспанамен қамтамасыз ету саясаты туралы мәселені қарастырды, ал Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесте қауіпсіздік пен тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
Жоғары қызметтегі қонақтар конференцияның ашылу салтанатына қатысып, өз құрметтерін білдірді. Ұсынылған тақырыптар бойынша өз ойларын Т. Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінің ректоры Кшиштов Рыбиньски, Мажарстанның Алматыдағы Бас Консулы Ференц Блауманн, Польшаның Алматыдағы Бас Консулы Анджей Папеж, Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас Консулы Марк Муди, ЭСКАТО-ның Солтүстік және Орталық Азия үшін арналған субаймақтық бөлімінің жетекшісі Тизиана Бонапас, БҰҰ Қоғамдық Ақпарат Департаментінің өкілі Властимил Самек, Ұлттық Программа Қызметкері Сергей Карпов, ЮНЕСКО, Алматы, Т. Рысқұлов Университетінің Халықаралық және Оқу бағдарламасы факультенің деканы Рональд Вогдт, Жаңа Жібек Жолы БҰҰ Моделі Бағдарламасының директоры Доктор Рафис Абазов ұсынды.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері басқарған мәжіліс – қызықты, пікірталас-жемісті, көңіл-күй -керемет болды.

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA image
*