Форумдар мен семинарлар

kaznulogo

Әл-Фараби атындағы ҚазаҚ Ұлттық университеті

«G-Global» интерактивті алаң «Ай тұлғасы» жобасы

«Экономикалық өсудің жаңа парадигмасы»

Алматы, 1 сәуір 2015 жыл

1 сәуір 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «G-Global» интерактивті алаңында «Ай тұлғасы» жобасы аясында «Экономикалық өсудің жаңа парадигмасы» атты тақырыпта онлайн видеоконференция өткізілді. Видеоконференция Астана уақыты бойынша сағат 16-00 Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің деканы Ермекбаева Б.Ж. және деканның ғылыми және инновациялық жобалар бойынша орынбасары Қазбекова Ж.Б. сөз сөйлеуімен басталды.Онлайн режимінде қатысқан шет елдік қатысушылар: 1.Dr.Russell Pittman,профессор,экономикалық анализ бөлімі,АҚШ монополия қарсы әділет министрлігі тобы 2.Dr.Abraham Althonayan(BSc,MSc,PhD)-Брунель бизнес мектебі университетінің директоры (Ұлыбритания) 3.Abdallah Khoury-Винчи энергокомпаниясының президенті(Франция,Страсбург) 4.Boban Stojanovic-Ниш университетінің профессоры ,Сербия 5.Adriana Alexander-Кембридж университетінің профессоры 6.Tori Marland- Листер университетінің профессоры 7.Nurlan Uteshov ,Gaukhar Sydykova-Универстиет Кембридж(Ұлыбритания) 8.Assylbekova Madina-Strasbourg университеті 9.Smadyarov Bakdaulet,Abassova Togzhan- Солтүстік-Батыс университеті(Чикаго,АҚШ) 10.Mukhammedov Abu,Bekmurzaeva Zhanyl,Issaeva Ainur- Листер университеті 11.Tussupov Zhandarbek-Брунель Университеті(Ұлыбритания) 12.Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 13.Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 14.І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Видеоконференция ҚазҰУ ректоры Мутанов Ғалымқайыр Мұтанұлының қатысушылар мен ұйымдастырушыларға үш тілдегі сәлемімен басталды. Бірінші болып Диана Күлібаева “Жасыл зэкономика” тақырыбында сөйледі.Сөз сөйлеп біткеннен кейін өзінің ойын білдірген PhD доктор,экономика кафедрасының меңгерушісі Ишуова Ж.Ш.,оған “жасыл” экономиканың еуропалық елдердегі даму прициптері туралы сұрақ қойылды. Келесі спикер-Boban Stojanovic-Ниш университетінің профессоры,Сербия өзінің”Influence of the green economy on competitiveness-challenges in the process of the European and Eurasia integration”атты жұмысын қорғады. Доклад аяқталғаннан кейін экономикалық сұрақтарға әркім өз ойын білдіріп,қызу дисскуссия болды.Байланыс арасында қысқаша басқа шетелдік қатысушылардың докладтары болды.Олар:Adrina Alexander,Кембридж университетінің профессоры, Nurlan Uteshov ,Gaukhar Sydykova-Универстиет Кембридж(Ұлыбритания), Assylbekova Madina-Strasbourg университеті, Mukhammedov Abu,Bekmurzaeva Zhanyl,Issaeva Ainur- Листер университеті. Бұл конференцияда мынандай мәселелер қаралды:Қазіргі экономикалық концепция және экономикалық өсу,жасыл экономиканың жаңа экономикалық механизмі және қаржылық ресустармен қамтамасыз ету,жасыл экономиканың инавациялық қаржылық құралдары,экономикалық өсудегі адам капиталының рөлі.Онлайн режимінде өткен видеоконференцияда экономикалық өсудің мәселелері және оларды шешу жолдары туралы қарастырылды.

Негізгі қаралған мәселелер:

1.Қазіргі экономикалық концепция және экономикалық өсу 2.Жасыл экономиканың жаңа экономикалық механизмі және қаржылық ресустармен қамтамасыз ету, 3.Жасыл экономиканың инавациялық қаржылық құралдары, 4.Экономикалық өсудегі адам капиталының рөлі.

Өткізілу орны:

Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ректорат 306 кабинет, сағат 16.00 (Астана уақытымен)

Қомысша сұрақтар бойынша мәліметтер алуға болады: тел. +7 (727) 377 33 37(1252) немесе finance.kaznu@mail.ru  

G-Global халықаралық ақпараттық – коммуникациялық платформасындағы онлайн-видеоконференцияның

«Жасыл экономикадағы экологиялық туризм»

1 сәуір 2015 жылы Астана уақыты бойынша сағат 14:30 де G-Global халықаралық ақпараттық-коммуникациялық платформасында «Жасыл экономикадағы экологиялық туризм» тақырыбында университет бірлестігімен және бизнес-құрылыммен онлайн-видеоконференция өткізіледі. Конференция ұйымдастырушылары – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы.

Конференция қатысушылары:

1.Исагулова Айгуль Джуматайқызы, экотуризм информациялық ресурсты орталығының координаторы 2.Акаев Азамат Мұратұлы, начальник отдела экологического просвещения туризма и природопользования ГНПП «Иле Алатау» 3.Ақтымбаева Айгүль Сағындыққызы, и.о. жоғары мектеп департаментінің директоры, Назарбаев Университеті 4.Абенова Елена Анатольевна, туризм кафедрасының меңгерушісі, Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті 5.Артемьев Александр Михайлович, рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі – модератор

Талқылауда жүргізілетін кілт сөздер:

1.Экологиялық туризмдегі тұрақтылық факторы. 2.Экологиялық ағартудағы ресурстарды падалану тәртібі. 3.«Жасыл туризмнің» «жасыл экономикаға» үлесі.

Конференцияға барлық тілек білдірген қатысушыларды шақырамыз.

Ұйымдастырушылар мекен-жайы: Алматы қ., Тимирязев к., 71, Негізгі оқу корпусы №6 Байланыс телефоны: +7 727 3773335 ішкі номер 1228 (н/е 1404); моб.+77772490272

 

«G-Global» интерактивтік алаңы «Ай тұлғасы» жобасы

«Терроризммен күрестің халықаралық құқықтық аспектілері»

Алматы, 3 сәуір 2015 жылы

3 сәуір 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «G-Global» интерактивтік алаңында «Ай тұлғасы» жобасы бойынша «Терроризммен күрестің халықаралық құқықтық аспектілері» атты халықаралық онлайн-бейнеконференция өткізеді.

Онлайн-бейнеконференция мақсаты: терроризмге қарсы күрес жүргізудің проблемаларын ғалымдармен, мамандармен, магистранттармен және студенттермен талдау және аталған қылмыстармен күрес жүргізудің тиімді іс-шараларын жасау бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Бейнеконференцияда қаралатын сұрақтар: халықаралық терроризммен күрестің теориялық және тәжірибелік проблемалары, халықаралық келісім-шарттар Халықаралық терроризммен күресудің құқықтық негізі ретінде, терроризммен күресудің кәзіргі кезеңдегі әдістері.

Онлайн-бейнеконференцияға қатысушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, Самара мемлекеттік экономикалық университетінің, Еуропалық гуманитарлық университетінің (Вильнюс қаласы, Литва Республикасы) профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттері, магистранттары және жас ғалымдары.

Өткізілу орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ректорат 306 кабинет, 15.00 (Астана уақыты бойынша)

Қосымша сұрақтар бойынша +7 (727) 377 33 37(1242) телефонымен немесе Ali.Baisalov@ kaznu.kz арқылы хабарласуларыңызға болады.

Ізгі қадірмен, ұйымдастыру комитеті

 

«G-Global» Интерактив тік  алаң

«Ай тұлғасы» жобасы

“Азық-түлік қауіпсіздігі –  тұрақты даму факторы ретінде”

Алматы, 7 сәуір 2015 жыл

2015 жылдың 7 сәуірінде әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  Халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Ай тұлғасы» жобасы  бойынша «G-Global» Интерактивтік  алаңында  «Азық-түлік қауіпсіздігі –  тұрақты даму факторы ретінде» тақырыбында онлайн видеоконференциясын ұйымдастырады.

Онлайн видеоконференцияның мақсаты: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты даму жолдарын талдау және оны азық-түлік кластерлерінің қызмет етуі бойынша қолда бар отандық және шетелдік нұсқаулықтарды тиімді пайдалану факторларын зерттеу,сонымен қатар мемлекеттік билік органдарына заманауи геосаяси, әлеуметтік-экономикалық , қаржылық, инновациялық және технологиялық факторларды сипаттайтын және ескерілетін ұсыныстар әзірлеу ;

Видеоконференцияда қарастырылатын мәселелер:

– Азық-түлік қауіпсіздігінің элементтері және оның тұрақты дамуды қамтамасыз етумен байланысы; – ҚР аймақтарының тиімді дамуының механизмі ретінде аграрлық ғылым мен аграрлық практиканың интеграциясы – Заманауи ғылымдардың басымдылығы, тұрақты дамудың әрқилы кезеңдерін зерттейтін салалық ғылымдардың өзара байланысы – ҚР-дағы интеграциялық саясат бағытындағы АӨК әлеуметтік-экономикалық трансформациясы

Онлайн видеоконференцияға қатысушылар:

әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар фаультеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, Е.Гумилев атындағы ЕҰУ , Қазақ Ұлттық аграрлық Университет, Рим университеті «La Sapienza» (Италия), Бургас Ашық Университет (Болгария) , Вагенинген Университет (Нидерланды)

Өткізілу орны :

Алматы қ, аль-Фараби, пр. 71 әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ректорат 306 кабинет в 15.00 (Астана уақыты )

Қосымша ақпараттар бойынша : тел. +7 (727) 243-83-27, моб: 87017136268 или nazym62@ mail.ru Дабылтаева Назым Есбергеновнаға хабарласуға болады

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «G-Global» интерактивтік алаңы «Ай тұлғасы» жобасы

«Мәдениеттер мен өркениеттер диалогі»

9 сәуір 2015 жылы

Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті 2015 жылдың 9 сәуірінде сағат 15.00-16.30 аралығында өткізетін «Мәдениеттер мен өркениеттер диалогі» атты халықаралық онлайн конференцияға шақырады.

Мақсаты: Отандық және шетелдік ғалымдармен пікір алмаса отырып, қазіргі заманғы ұлттық мәдениеттің жаһандану және өркениеттік үдеріске ықпал ететін ерекшеліктерін ашу, қоғамның рухани-адамгершілік бағытын анықтау, әдебиеттің даму тенденцияларын және жаңа гуманитарлық парадигманы қалыптастыру жолдарын айқындау.

Онлайн конференцияға қатысушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты, Ж. Баласагун атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қатысады.

Бейне конференцияда келесі сұрақтар қарастырылады: -Қазіргі заманғы Қазақстандық және шет елдік жазушылардың шығармашылығындағы ұлттық мәдениеттің байланысы; Өркениеттің ұлттық мәдениетке және жеке тұлға санасына әсер ету ерекшеліктері; -Жаңа қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтары.

Онлайн конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ректорат 306 кабинет.

Онлайн конференцияның басталу уақыты: 15.00 (Астана уақыты бойынша).

Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330) телефонымен немесе esimjulduz.84@mail.ru арқылы хабарласуларыңызға болады.

 

G-Global инфо-коммуникациялық алаңында

G-Global жобасының «Ай тұлғасы» атты интерактивті онлайн конференциясы

«Ақпараттық қоғам және тұрақты даму»

Алматы, 10 сәуір 2015 жыл

2015 жылғы 10 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналдистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен G-Global инфо-коммуникациялық алаңында G-Global жобасының «Ай тұлғасы» атты жоба бойынша «Ақпараттық қоғам және тұрақты даму» атты интерактивті онлайн конференция өтеді.

Онлайн бейне конференцияның мақсаты: ғалымдар, мамандар, студенттер және магистранттармен әлемдегі және Қазақстандағы ақпараттық қоғамды дамыту мәселелерін талқылау, оның тұрақты даму стратегиясын жүзеге асырудағы серпінін айқындау.

Онлайн конференцияның міндеті: – Өркениеттің жалпыадамзаттық даму ерекшеліктерімен бірге ғаламдық ақпараттық қоғамды дамыту теориялары мен тұжырымдарын анықтау; – Ғаламдастыру мен аймақтандыру жағдайындағы қоғамдық таным-түсінікті жетілдіруге арналған ғылыми-негіздемелік ұсыныстарды айқындау; – Ұлттық және ғаламдық аспектілерді ескере отырып, ел мен өңірлердің тұрақты даму тенденцияларын көрсету.

Бейнеконференцияның қарастыратын мәселелері: ақпараттық қоғамды дамытудағы медиаиндустрияның рөлі, БАҚ-тағы тұрақты даму мәселелері.

Бейнеконференцияларының қатысушылары: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер, магистранттар және жас ғалымдар, Е.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, University of Istanbul (Turkey), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), М.А.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс университеті (Саха Республикасы, Якутия қ.).

Өткізу орыны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ректорат 306 кабинет, сағат 16.00 (Астана уақыты бойынша).

Қосымша сұрақтар бойынша: Studpress.centre.kaznu@gmail.com немесе тел. +7 (727) 377 34 43

Ұйымдастыру комитеті