Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеуде маңызды рөл атқарады және БҰҰ аясында женевалық процеске жол ашатын болады – БҰҰ Өркениеттер альянсінің жоғары өкілі

 

Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеуде маңызды рөл атқарады және БҰҰ аясында женевалық процеске жол ашатын болады. Бұл туралы БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғары өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушылар және студенттермен, Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық корпус, қоғам және БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде айтты.

Спикердің пікірінше, Қазақстанның бейбіт бастамалары барша халықаралық қауымдастық мүддесін көздейді және адамзаттың жаһандық мәселелеріне бағытталған. Елдің қарусыздандыру мен ядролық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылығын әлем мойындаған. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі мемелекеттің рөлі артып келеді. Бұған Сирияда тыныштық орнату мәселесіне қатысты Астанада өтіп жатқан күрмеуі қиын сан қилы келіссөздер дәлел.

«Радикалды экстремистер өздерін жақтаушыларды жастар арасынан іздейді, оған себеп – сауатсыздық, кедейлік және жұмыссыздық. Мектепте және университеттерде жастарды мәдениеттілікке үйрету маңызды, біз бір-бірімізді құрметтей білуіміз керек. Білім, ғылым және жаңа технологиялар әлемнің тұрақты дамуының негізі болуы тиіс. Бұл ұжымдық күшті талап етеді. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға көп күш салуда, біз оны бағалаймыз», – деді Насир Абдулазиз әл-Насер.

Бүгінде әлем өзгерді және ол тұрақтылықты сақтауға көмектесетін құралға мұқтаж. Білім, дінаралық және мәдени диалог алдын алу дипломатиясының бір бөлігі бола алады және бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы «жұмсақ күшке» ие, – деп есептейді БҰҰ Өркениеттер альянсінің жетекшісі.

 

 

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *