Total Energy корорациясының сарапшысы Кристин Гастинель әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) дәріс оқыды
Total Corporation компаниясының (Франция) профессоры Кристин Гастинель студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арнап «Мәдениетаралық менежмент» тақырыбында дәрістер мен семинарлар өткізді. Аталмыш бағдарламаны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты, академиялық мәселелер жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (UNAI) және география факультеті Total корпорациясының қолдауымен ұйымдастырды.
Гастинель ханымның кіріспе дәрісі мәдениетаралық менеджмент түйткілдерін ой елегінен өткізіп, түйсінуге, сондай-ақ өзара араласудың діни, нәсіларалық, мәдениетаралық стереотиптерінің салдарларын ұғынуға қатысты болды. Профессордың кіріспе дәрісінің басты мәні стереотиптер, дін, себеп-салдар мен мәдениетті зерттеудің соңғы нәтижесіне ықпал ететіндігіне қатысты болды. Ол географиялық карталарды түзудің қарапайым үдерісі жеке және саяси мақсаттарды, себеп-салдарларды көздеу әрекетіне айналғанын көрнекі мысалдармен көрсетті. Сондай-ақ тыңдаушыларға жаңа елдердің қалыптасуының және басқаларының бірігуінің жүзжылдық тарихының нәтижелері көрсетілді, мәселен, 1900 жылы әлем картасында небәрі 46 ел болса, бүгінгі таңда 193 (197) ел бар. Дәріс барысында әйелдер еңбегінің теңдік мәселелері қарастырылды, сондай-ақ жер бетіндегі халықтың тым көбеюі ой елегінен өткізілді. Бұл орайда әлем халқының 60%-ға жуығы Азияда тұратыны ерекше атап өтілді.
Гастинель ханым жоғары білімді ұйымдастыру саласындағы айырықша сарапшы болып табылады. Аса ірі Total (Франция) әлемдік компаниясында жұмыс істеу оған адами капиталдың және таланттардың дамуын түсіну тәжірибесін сыйға тартты. Бүгінгі таңда Total концернінің негізгі мақсаты жауапкершілікті энергетикалық компания мәртебесін иелену болып табылады. Компания өз миссиясының бұдан былайғы ұғымын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты жетекші шетелдік ЖОО-лармен арадағы Білім беру жобаларына белсене кірісумен және адами капиталды дамытудан көріп отыр. Total дәрістерінің негізгі мақсаты мен миссиясы студенттердің теориялық білімдерін дамыту және оларды практикалық дағдылармен толықтыру, озық энергетикалық компаниялардың бірінің мысалында кадрларды іріктеу үдерісіне үйрету және мансаптық өсуді басқару болып табылады. Осылайша, Кристин Гастинель жоғары оқу орындарына кеңес берумен айналысуда, ағылшын тілі, психология, әдебиет пен әлеуметтану саласында бірнеше дәрежеге ие. Кристина Гастинель университет профессоры болып табылады, мәдениетаралық жанжалдарды шешу, халықаралық менеджмент пен мәдениетаралық коммуникация саласындағы консалтингтік фирма құрудағы тәжірибесі бар, Франция мұнай өнеркәсібі кәсіптік одағының баспасөзбен байланыс директоры, мәдениетаралық және геосаяси ғылымдар бөлімінің құрушысы. 25-тен астам мемлекетте жұмыс істеген.
Кристина Гастинель Стэнфорд, Сорбонна (Франция) (Париж және Абу-Даби) университеттерінде, INALCO, HEC, Париж XII университеттерінде, Галилей Институтында, Париждің Дофин бизнес Мектебінде, EIGSI-де, Левен Университетінде (Бельгия); Пекин (Цинхуа, CUPB); Шанхай (Tongji, UTSEUS), Гуанчжоу, Чэнду университеттерінде, Бауман (Мәскеу), Касабланка (Марокко), Абу-Даби, Кувейт, Катар, Тегеран (Иран) университеттерінде мәдениетаралық менеджмент бойынша дәрістер оқыған.
Кристина Гастинель жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін шын жүректен алғыс айтты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен одан әрі тығыз ынтымақтастық жасауға ниет білдірді.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттік баспасөз орталығы