Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық жастар күнін атап өтуде.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылдың 17 желтоқсанында бекіткен халықаралық жастар күні жыл сайын 12 тамызда бүкіл әлем бойынша аталып өтіледі. ҚазҰУ БҰҰ Тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бастамасының UNAI Ғаламдық Хабы болып табылады.
2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Жас ұрпақты кешенді қолдау бүгінде мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады. Негізгі міндеттердің қатарында жастардың білімге қол жеткізуін жақсарту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қолжетімді тұрғын үй, кәсіпкерлік қызметті дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру басты назарға алынып отыр.
ҚазҰУ-дың Жастар күнін мерекелеу аясында «My vision of Sustainability» фото және бейне бақылауы жарияланды. Конкурстық жұмыстардың тақырыптары БҰҰ-ның кедейлікті жоюға, ғаламшардың ресурстарын сақтауға және әл-ауқатты қамтамасыз етуге, сондай-ақ жастар саясаты мен оның негізгі аспектілеріне бағытталған тұрақты дамудың 17 мақсаттарының бағдарламасына арналуы тиіс.
Жұмыстарды тапсыру мерзімі 1 қазанға дейін қабылданады. Байқау нәтижелері 2019 жылдың 24 қазанында жарияланады.