Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Inverse Problems in Finance, Economics and Life Sciences» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Іс-шараға ҚазҰПУ, математика және механика ғылыми-зерттеу институты, Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты( Ресей), Шанхай қаржы және экономика университеті (ҚХР), Тяньцзин қаржы және экономика университеті (ҚХР), шетел сарапшыларының істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының қолдауымен «The Belt and Road” жобасы және Шанхайдағы қазіргі қолданбалы математиканың негізгі зертханасы.
Қоғамның, ғылым мен экономиканың интеграциясын айшықтайтын конференция алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн. Шақырылған қонақтардың қатарында – түрлі бағыттағы кері және дұрыс емес сандық әдістерді шешудің заманауи жаңа жолдарын анықтауға мүдделі болып отырған белгілі ғалымдар қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ шараға қолданбалы математиканың міндеттерін зерделей отырып, зерттеуші жолын бастаған жас мамандар да атсалысты.
Халықаралық деңгейдегі іс-шараға математика және математикалық модельдеу саласындағы 90-нан астам ғалым жиналды. Конференцияға ресейлік жоғары оқу орындарынан 10 ғалым, Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарынан жеті ғалым және қырғыз жоғары оқу орындарының екі өкілі, қазақстандық жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың 60-тан астам ғалымы қатысты.
Шара барысында экономика, қаржы және өмір туралы ғылымның кері және дұрыс емес міндеттерін шешудің перспективті бағыттары жайында қызықты баяндамалар ұсынылды.