Жоғары Комиссар Басқармасының Әмбебап Кезеңдік шолуының (ӘКШ) тікелей онлайн-трансляциясы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасында жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсімі ҚХР ең үлкен университеттерінің бірі Фудан университетінде өтті.
2014 жылдың 30 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-і халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Женева қаласындағы Ұлттық сарайда өткен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғары Комиссар Басқармасының Әмбебап Кезеңдік шолуының (ӘКШ) 20-отырысын тікелей онлайн-трансляциясын тамашалауға мүмкіндік алды.
Отырыстың негізгі жұмысы Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалына байланысты ақпараттық шолуға арналды. Халықаралық отырыс жұмысын өз көздерімен тамашалау, факультет студенттеріне БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі органдарының жұмыстарымен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолуы шеңберінде жасаған Ұлттық баяндамасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Онлайн-трансляцияға БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаментінің өкілі Властимил Самек және Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының ақпарат және коммуникация бөлімінің бастығы Сергей Карпов қатысты, сонымен қатар, студенттерге Әмбебап кезеңдік шолудың негізгі міндеттері туралы мағлұматтар бере отырып, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.
Әмбебап кезеңдік шолу 2006 жылы 15 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеямен құрылған болатын. Әмбебап кезеңдік шолу әрбір 4 жылда болып отыратын, БҰҰ-ның барлық 193 мемлекетінің адам құқықтары жөніндегі ақпараттық шолуды қамтитын бірден-бір механизмі болып табылады. Қазіргі уақытта ешбір мұндай механизм жоқ.