БҰҰ – бұл біз
2015 жылдың 6 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, БҰҰ өткен «Жаңа Жібек Жолы» БҰҰ мини-модельіне қатысқан делегаттар ұраны осындай болды. Аталмыш іс-шараға Алматы, Астана, Петропавл қалаларының 30 жоғарғы оқу орындарынан, сонымен қатар Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстаннан барлығы 100ден астам студенттер қатысты.
Салтанатты шараны халықаралық қатынастар факульетінің деканы, профессор Шакиров К.Н. ашты. Студент-делегаттарға Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі мен Алматы қаласы әкімшілігінен келген қонақтар қолдау көрсетті. Қазақстандағы БҰҰ ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек 2015 жылы БҰҰ өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлайтынын, сонымен қатар БҰҰ мини модельіне қатысып отырған студенттерді халықаралық келіссөздерді шебер жүргізуді үйреніп, БҰҰ ережелері мен үрдістерімен танысып, өзекті мәселелерді талқылаумен айналысатын болашақ серіктестері ретінде қабылдайтынын атап өтті. Самек мырза «БҰҰ – бұл біз» ұраны «We are yoUNg, We are UNited!», яғни «жастар» және «одақ» сөздеріндегі екі әріпті ерекше атай отырып, United Nations дегенді білдіреді деп айтып өтті. Колумбилық университеттің профессоры Рафис Абазов БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун жастар арасындағы көшбасшылық қабілеттерді дамытудың, әсіресе дипломатты болудың, сонымен қатар мемлекеттер мен адамдар арасындағы қатынастарда байламға келе білудің маңыздылығын атап өткендігін еске салды. ЮНАИ хабының директоры Ғалия Ибраева БҰҰ моделі қатысушыларға жаңа белестер ашатындығын, елбасшы Н.Ә.Назарбаев Алматыда БҰҰ хабын ашу туралы ой тастаған болатын және осы БҰҰ моделі қатысушылары – белсенді өмірлік ұстанымдары бар, халықаралық аренада еліміздің атынан сөйлейтін болашақ дипломаттар деп атап өтті. БҰҰ мини моделі шеңберінде үш комитет жұмысы ұйымдастырылды: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі және БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ). Қатысушы делегаттар кибер қауіпсіздік, әр түрлі дін ұстаушылар арасындағы түсініспеушіліктерді шешу әдістері және балалар мен жасөспірімдердің психикалық ауытқуларын шешу мен алдын алу механизмдері тақырыптарында пікір таластырды. БҰҰ моделінің ұйымдастырушы комитетінің төрағасы, магистрант Рано Юсупова іскерлік диалог кезіндегі атмосфера, дискуссия кезінде орын алган шабыт пен құмарлықтың халықаралық қатынастар мен дипломатияның дұрыс өтіп жатқандығын дәлелдегендігін айтты. Ауғанстаннан келген халықаралық қатынастар факультетінің студенті Ахмад Вали Ахмад Яр, ЮНИСЕФ комитетінің модераторы ретінде, талқыланып отырған мәселе соғыс қимылдарын өз көздерімен көріп психологиялық соққы алған балалар бар өз елі үшін өзекті мәселе екендігін айтты. Мини модель соңында БҰҰ өкілдері қатысушыларға сертификаттар ұсынды және Ғани Масимхан, Мади Сакен, Арман Утегенов – үздік делегаттар ретінде марапатталды. Орталық Азияда ең ірі болып табылатын БҰҰ келесі «Жаңа Жібек Жолы» халықаралық моделі 2015 жылдың мамыр айының 1-3 күндеріне, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ өтеді деп жоспарланып отыр.
Аида Утегалиева
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
журналистика факультетінің
2-курс студенті