БҰҰ-ның Алматыдағы штаб-пәтерінде БҰҰ мини-моделі
2015 жылдың 3 сәуірінде тарихта болмаған, Алматы қаласындағы БҰҰ Орталық Азиядағы штаб-пәтерінде БҰҰ мини-моделі болып өтті. Моделге Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа қалаларынан келген студенттер қатысты. Моделді ұйымдастыруға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің студенттері ат салысты.Халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенттері Ахмад Вали Ахмад Яр және Тлеубекова Қорлан Қауіпсіздік Кеңесі комитетінің төрағасы болса, UIB университетінің 4-курс студенті Алексей Ким және шығыстану факультетінің магистранты Қаратаев Бауыржан Бас Ассамблеяға төрағалық етті. Модельдің ашылуына арнайы қонақтар шақырылды: АҚШ бас консулдығының Алматыдағы білім, мәдениет және баспасөз жөніндегі өкілі Чарльз Мартин, БҰҰ Орталық Азиядағы ақпараттық бюро өкілі Властимил Самек және «Жаңа Жібек Жолы» БҰҰ моделінің директоры Рафис Абазов. Комитеттерде Орталық Азиядағы трансшекаралық су мәселелері мен Таяу Шығыстағы қарусыздану мәселелері қарастырылды. БҰҰ Моделі жоғары деңгейде өтті, студенттер отырыс барысында және резолюция қабылдау кезінде белсенділіктерін көрсетті. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді және 1,2,3 орындар тағайындалды.