Мен әйелдер әлемін қалай көремін?

Халықаралық қатынастар факультеті қызғылт-сары түске боялды. БҰҰ Аймақтық Ресурстық Орталығы БҰҰ Әйелдер Орталық Азия елдеріне арналған бөлімімен бірге “Мен әйелдер әлемін қалай көремін?” атты қауымдық сөз сөйлеу байқауын өткізді. Байқау “Әйелдер зорлық-зомбылығына қарсы 16 күн” науқаны шеңберінде өткізілді. Студенттер қазіргі әлемдегі әйелдер рөлі жайлы өз ойларын өз бетімен жүргізген әр түрлі салалар зерттеулеріне сүйене отырып жан-жақты жеткізді.
Әділ қазылар алқасы мүшелері – шақырылған қонақтар – Екатерина Лазарева, БҰҰ Әйелдер Орталық Азия елдеріне арналған бөлімінің Білімдерді басқару маманы; Александра Казакова, Соғыс және бейбітшілікті жарыққа шығару институтының директоры; және Әл-Фараби ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары Лейла Деловарова. Қатысушылар өз ойларын қаншалықты нақты және жан-жақты тұжырымдауы мен оны эстетикалық тұрғыдан қаншалықты бейнелі әрі эмоциялы жеткізгені бойынша бағаланды.
Барлық қатысушылар біздің әріптестеріміз, БҰҰ Әйелдер Орталық Азия елдері бөлімі атынан, сый-сияпаттармен және табысты қатысу жөніндегі сертификаттармен марапатталды.

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *