Қазақстанның БҰҰ-ға алғашқы қадамдары
Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің айтулы күні, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылған күнінің қарсаңында ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетіне Төтенше және Өкілетті Елші – Ақмарал Арыстанбекова сапармен келді. 1992 жылы 2 наурыз Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының 168-ші ресми мүшесі атанды. Бұл маңызды оқиғаға Ақмарал Хайдаровнаның зор еңбегі арқылы қол жеткізілді. Еліміздің жалғыз делегаты болған Ақмарал Хайдаровна Бас Ассамблеяның трибунасында біздің мемлекітімізді танытқан болатын.
Бүгін Халықаралық Қатынастар факультетінің студенттері, магистранттары мен оқытушыларына осы бірегей ұйымның тарихына енуге мүмкіндік туды. А.Арыстанбекова ұйымның даму жолының тарихы, шешім қабылдау процессінің күрделігі, келіссөз процесстерді тәртібі, Біріккен Ұлттар Ұйымының пайда болуы мен құрылуы туралы қызықты фактілер айтты. Оның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жеке тәжірибесімен, сондай-ақ ұйымға Қазақстанның қосылу барысы туралы әңгімесі ерекше қызықты болды. Бұл процессті видео-мұрағат арқылы бүгінгі отырысқа қатысушылар да бақылай алды. Бейнебаянда салтанатты түрде егемен республиканың халқы үшін тарихи маңызды оқиғаны білдіретін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданғанын мәлімдеуі мен туумызды тұғырға көтеруі аудиториядағы әркімнің мақтаныш сезімін оятқанына күмән жоқ.
Дәріс соңында Ақмарал Хайдаровна қоштасу сөзінде болашақ мамандарға өз тілектегін айтып, әлемнің одан әрі гүлденуіне сенім білдірді.