Қазақстан үшін ерекше күн
2 Наурыз тәуелсіз Қазақстанның тариxындағы елеулі күн болып табылады. Бұл күн біздің Республикамыздың БҰҰ сияқты дүниежүзілік ұйымның құрамына кіруімен ерекшеленеді. БҰҰ кеңсесінде осындай оқиғаны тойлау ушін сонда жұмыс істейтін әр түрлі мекемелердің өкілдері және ҚазҰҰ, Халықаралық қатынастар факультетінің белсенді студенттері, көрнекті тұлға, Ақмарал Арыстанбековамен бірге бас қосты. Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстанның алғашқы өкілінің қызықты дәрісі және өз естеліктерімен бөлісуі болды. Интерактивті әңгіме соңында әр адам Ақмарал Хайдарқызының тәтті сыйлығы, БҰҰ деген әріптері мен таңбасы бар, үлкен торттан дәм татты.